Бизнес және экономика

Бүгінде «Ashyq» жобасына өңірдегі 3037 нысан қатысуда

Солтүстік Қазақстан облысында «Ashyq» жобасына 3037 нысан қатысуда. Жыл басынан бері арнайы тізімдегі объектілер заң бұзушылыққа жол бермеген. Тиісті ереженің еленбеуі тұрғындар тарапынан тіркеліп отыр. Биыл «қызыл» және «сары» статустағы 13 тұлғаның қоғамдық орындарға кіргені анықталған. Адамдардың бесеуі – «қызыл», ал сегізі «сары» мәртебеде болған. Бүгінгі күнге дейін құқық бұзған 3 солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылыпты. Оларға 181 мың теңге көлемінде айыппұл салынған екен.

Алдияр Айтпаев