33 мыңнан астам солтүстікқазақстандық ревакцинациядан өтті

Денсаулық сақтау

22:24 8 Қаңтар 2022

Ләззат Құсайынова немере тәрбиесімен айналысады. Үйден аса шыға қоймайды. Сол себепті, коронавирусқа қарсы екпе алу турасында біраз ойланыпты. Соңында өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін екпе қойдыруға шешім қабылдаған. Алғашқы дозаны желтоқсан айында салдырыпты. Бүгін 2-ші компонентке кезек келді.

Ләззат Құсайынова, қала тұрғыны:

Мен қытайлық “Vero Cell” препаратын салдырттым. Алғашқы дозадан кейін ешқандай кері әсер байқалмады. Жанұямдағылардың барлығы иммундау шарасынан өтті. Бүгінге дейін ешкім тәж вирусымен ауырған жоқ. Бұл вакцинаның нәтижесі деп ойлаймын.

Маңызды науқан басталғалы №1 қалалық емханада 33 мыңнан астам адам екпенің 1-ші компонентін қойдырған. Ал 30 мыңнан астам тұрғын вакцинаның толық курсынан өткен. Мұндағы мамандардың сөзінше, иммундалған азаматтардың бірде-бірі шағымын білдіріп, дәрігерлерге жүгінбепті. Сондай-ақ, бүгінгі күні емдеу мекемесінде ревакцинация да жүріп жатыр.

Елена Куляпина
, қалалық №1 емханасының бөлімше меңгерушісі:

Бүгінде біздің емханада 2 мыңнан астам адам қайта вакциналанды. Кеше ғана 49 адам ревакцинациядан өтті. Бүгін, әзірге, 6 азамат қосалқы құрамды қабылдады. Ревакцинациядан өтіп жатқандарға отандық “QazVac” препараты қойылуда. Иммундау шарасы емхананың 3 кабинетінде жүргізіледі. Сондай-ақ, екпені “Алтын Арман”, “Dostyk Moll” сауда нысандары мен Әуезов көшесі, 130 мекен жайы бойынша да алуға болады.

№1 қалалық емханада жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін аналарды иммундау шарасына да қарқын қосылған. Бүгінге дейін мұнда америкалық вакцинаны 550-ден астам адам қойдырыпты. Олардың дені – 12 жастан асқан балалар. Осы ретте өңірдегі статистикаға кезек берейік, бүгінде 33 мың 387 солтүстікқазастандық ревакцинациядан өткен. Ал “Comirnaty” препаратының алғашқы дозасын 6 мың 700-ден астам жан қабылдаған. Екінші компонетті шамамен 6 мың 600 азамат салдыртқан.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Жаз мезгілінде жедел жәрдем шақырту жиілеген
Қазақстан денсаулық сақтау деңгейі бойынша 58-орынға тұрақтады
Үкімет дәрілік заттарды цифрлық таңбалау тарифін бекітті
Дәрі-дәрмек бағасын тұрақтандыру қорымен тек 2 дәріхана келісім жасасқан
Қалалық емхана 16 жас маманмен толықты
Әлеуметтік сақтандырудың тиімді тұстары
Петропавл тұрғындары скринингтен өтуде