Облыста мереке күндері 300 адам тайып құлап, жарақат алған

Денсаулық сақтау

22:14 5 Қаңтар 2022

Қазір көпбейінді қалалық аурухананың травматология пунктіне түсіп жатқан халықтың қарасы қалың. Мұнда қаңтардың 1-ші жұлдызынан бастап 300-ден астам адам жүгініпті. Науқастанғандардың көбісі – жолда тайып құлағандар. Олар аяқ-қолын шығарып, сындырып алған.

Валерий Грибашов, көпбейінді қалалық аурухана жарақат зардабын емдеу пунктінің меңгерушісі:

Көмекке жүгінгендердің 25-і алкогольдік масаң күйде болды. Осыдан 2-3 жыл бұрын бұл көрсеткіш біршама көп еді. Өйткені, ол кезде пандемия болған жоқ. Түнгі клубтар мен мейрамханалар таңға дейін жұмыс істеді. Келіп түскендерге бірден алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жатқыздық. Қазіргі күні жағдайлары жақсарып келеді.

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында мұнда термиялық күйік шалып түскендер де болыпты. Ал ішімдікке сылқия тойған 11 адам үсікпен жүгінген. Қазіргі күні олардың 1-еуі ауруханада ем қабылдап жатыр. Егер науқастың жағдайы жақсармаса, аяғы мен қолын кескеннен басқа амал жоқ дейді дәрігерлер. Осы орайда медицина қызметкерлері далада абай болу қажеттігін ескертеді.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО “жасыл” және “сары” зонаның ортасында тұр
СҚО-да вакцинаның қос компонентін 254 мың адам алған
Елде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 9 миллионнан асты
Қазақстанда карантин мерзімі қысқарды
Өңірде індет жұқтырудың 29 жағдайы тіркелді
«Аңсаған сәби» аясында өңірде алғашқы нәресте өмірге келді
СҚО-да 2 мыңнан астам жасөспірім иммундау шарасының толық курсынан өтті
Петропавл 2-ЖЭО-ғы апаттан 1 маман зардап шекті
Өңірде соңғы тәулікте 129 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда тәулігіне 40 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін
СҚО-да 5,5 мың жасөспірім “Comirnaty” вакцинасын алған
47 мыңға жуық теріскейлік ревакцинациядан өткен