Мереке күндері облыста 11 өрт оқиғасы болды

ТЖД

22:17 5 Қаңтар 2022

Сіңлісін оттан құтқармақшы болған 14 жастағы петропавлдық қызды күйік шалды! Оқыс оқиға қаңтардың 1-і күні таңғы 9-дар шамасында Халтурин көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінде орын алды.

Қызыл жалыннан баспананың кіреберісі, пеш жағатын орны, ас бөлмесі мен қабырғалары зардап шекті. От 50 шаршы метр жерге жайылған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағаттың көлемінде ауыздықтады. Қазіргі күні оттың пайда болу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Ал қыздардың жағдайын дәрігерлер бірқалыпты деп бағалап отыр. Жалпы, 31-ші желтоқсан мен 4-ші қаңтар аралығында аймақта 11 өрт оқиғасы орын алған. Өлім-жітім тіркелген жоқ.

 

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да үстіміздегі жылы өрттен 53 адам қаза тапты
Петропавлда өрттен 6 адам құтқарылды