Спорт жаңалығына ойысамыз! Жергілікті “Qyzyljar” футбол клубынан 3 бірдей ойыншы кетті. Қорғаушы – Руслан Есімов, португалдық жартылай қорғаушы – Карлос Фонсека мен қақпашы Алмат Бекбаев енді теріскейлік ұжым сапында өнер көрсетпейді. Айта кету қажет, жақында петропавлдық команда Түркияда өтетін оқу-жаттығу жиынына аттанбақ. Жерорта теңізінің жағасында аяқдоп шеберлері 4 жолдастық кездесу өткізіп, тәжірибе толықтырмақ. Алқашқы қарсылас – латвиялық клуб. Матч ақпанның 2-ші жұлдызына белгіленген.
Алдияр Айтпаев