Шал ақын ауданында қазақ күресінен облыстық турнир өтті

Спорт

23:08 13 Желтоксан 2021

Бозкілемнің үстінде қос шалақындық түйе балуан күресуде. Кездесуге 4 минут уақыт берілген. Әлібек Госманов пен Жамболат Шайын бәсекенің ортасына дейін бір-біріне есе бермеді. Осы уақыт аралығында Әлібек қарсыласының әлсіз тұстарын байқаған көрінеді. Айласын асырып, жеңіске жетті.

Әлібек Госманов, турнирге қатысушы, Шал ақын ауданы:

Жамбас әдісін қолдандым.Қарсыласыммен бұрыннан бері күресіп келе жатырмын. Өте мықты балуан.

Кейін ортаға Жамбыл ауданының спортшысы Әділ Отдан мен Уәлихан ауданының намысын қорғай келген Алтынбек Аусағитов шықты. Қос түйе балуан да оңай шағылар жаңғақ емес екендігін дәлелдеді. Кездесу соңына дейін алысты. Төреші жеңімпазды анықтау үшін тағы бір минут уақыт берді. Мүмкіндікті Алтынбек сәтті пайдаланып, қарсыласын тізе бүктірді.

Алтынбек Аусағитов, турнирге қатысушы, Уәлиханов ауданы:

Бірінші кездесу қашан да ауыр болады. Сондықтан, 5 минут күрестік. Күш жігерімді салып жеңіп шықтым.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған турнирге өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20-ға жуық спортшы қатысты.

Еслямбек Бекмұрзин, турнирдің төрешісі:

Арасында еліміздің жүлдегер чемпиондары, спорт шеберлері бар. Ақмола облысынан да мықты жігіттер келіп отыр. Салмақ дәрежесі 90 келіден басталады. 130 келі балуандар да бар.

Шамамен 3 сағатқа созылған жарыс соңында шалақындық Әлібек Госманов 1-ші орынды иеленді. Оған сыйақы ретінде 300 мың теңге берілді. Ал күміс жүлдені қанжығалаған көкшетаулық Әсет Жүнісовке 200 мың теңге табыс етілді. Мойнына қола медаль тағынған Алтынбек Аусағитовқа 100 мың теңге тарту етілді.

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Инесса Шумекова – әлем кубогының күміс жүлдегері
“Qyzyljar”-дан 3 ойыншы кетті
Белді балуан ізбасарларымен жүздесті
Волейболдан ел біріншілігінің соңғы туры Петропалда өтеді
Шаңғымен жүгіруден облыс чемпионаты өтті
Жергілікті университет қабырғасында спартакиада өтіп жатыр
Кәкімбек Салықовтың дүниеге келгеніне – 90 жыл
Бір жеңіс, бір жеңіліс
“Kuanish” ВК ел біріншілігінің екінші кезеңінде топ жарды