“Qulager” ХК елордалық “Snezhnie barsy” командасын тізе бүктірді

Спорт

21:25 4 Қазан 2021

Шайба мұзға тасталып, “Qulager” мен “Snezhnie barsy” командалары арасындағы тартыс басталды. Алғашқы минуттарда қонақтар мінез танытты. Шапшаң қимыл мен тактика көп күттірмей-ақ өз жемісін берді. Шабуылдардың бірінде елордалықтар алға шықты. Бұл есеп бірінші периодтың соңына дейін сақталды.

Александр Белявский, “Qulager” ХК бас бапкері:

– Қос команда да жақсы ойнауда. Өкінішке қарай, алғашқы минутта қарсыластарымыз есеп ашып, алға шығып кетті. Бірақ жігіттер елордалықтарға барынша қысым көрсетуде. Бұл өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Аздаған үзілістен кейін ойын жалғасты. Бұл жиырма минуттықта жерлестеріміз есепті теңестіре алды. Дәлірек айтсақ, шабуылшы Кирилл Власов қарсылас қақпасынан саңлау тапты. Кездесуде спортсүйер қауым қызықты ойынның ғана емес, бірнеше төбелестің де куәсі болды.

Бір-бірлеріне жұдырық ала жүгірген хоккейшілерді төрешілер тоқтатып, ойыннан қуды.

– Биыл командамызға жаңадан ойыншылар қосылды. Сол жігіттер жеңісті жұлып алады деп ойлаймын.

– “Qulager”-ге жанкүйермін. Бүгінгі ойынды тамашалау үшін отбасыммен келдім. Жақсы ойын болып жатыр.

– Ойын жоғары деңгейде өтуде. Қарсыластарымыз мықты. “Qulager” алға!

Үшінші кезеңде де хоккейшілер жан алысып, жан берісті. Бірақ, таблодағы есеп өзгермеді. Бұл ойынның жеңімпазы овертаймда анықталды. Ұтымды сәттердің бірінде қорғаушы Дамир Рамазанов көзге түсіп, командаға жеңіс сыйлады. Ал, қарымта ойында жергілікті жігіттер қарсыластарымыздың қақпасына жауапсыз 5 шайбы дарытып, ойсырата жеңді.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлдық спортшыларға арналып жатақхана салынып жатыр
Жергілікті “Qyzyljar” ФК түркістандық “Turan” командасын қабылдайды
Жанұялар жарысы
“Qyzyljar” ФК ақтаулық “Kaspiy” командасын қапы қалдырды
“Qyzyljar” ФК сырт алаңда есе жіберді
Жас спортшылар президенттік көпсайыстан тест тапсырды
Палуандар сенімді ақтады
Өңірде спорттық диспансер ашылуы мүмкін
Солтүстікқазақстандық суда жүзушілер ел чемпионатынан жүлделі оралды
“Qulager” ХК “Temirtau” командасын тізе бүктірді
Сергеевкада салауатты өмір салтын ұстанған жандардың саны артуда
“Qulager” ХК-ның келесі қарсыласы – “Almaty” командасы