Sailau banner

Ауыл шаруашылығы

Қазақстанда бидай бағасы қымбаттады

Қазақстанда бидай бағасы қымбаттады. Астық бағасының көтерілуіне биылғы қуаңшылық себеп болып отыр. Отандық агроқұрылымдар әр гектардан шамамен 14 центнерден өнім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға аз. Осылайша, 1 тонна астықтың бағасы 102 мың теңгеден 120-125 мың теңгеге дейін өскен. Бұл дайын өнімнің де бағасына әсер етеді. Сарапшылар, алдағы уақытта елде нан 10 пайызға қымбаттауы мүмкін деп болжап отыр.

Маржан Касымбек