Спорт

Теріскейлік спортшылар параолимпиада ойындарынан шет қалды

Тамыздың 24-і мен қыркүйектің 5 аралығында Токиода параолимпиада ойындары жалауын желбіретеді. Байрақты бәсекеде ел намысын 7 спорт түрі бойынша 20-дан астам саңлақ қорғамақ. Оның ішінде 7-еуі жүзуден, 5-еуі пауэлифтингтен және 3-еуі тэквандодан, ал 6 спортшы дзюдодан бақ пен бап таластырады. Жеңіл атлетикадан да қолда екі лицензиямыз бар. Өкінішке қарай, бұл дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігі солтүстікқазақстандықтарға бұйырмады.

Алдияр Айтпаев