Қылмыстық процестің үш буынды моделі

Құқық қорғау органдары

18:25 8 Шілде 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Заң үстемдігі орнықпаса жəне азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, əлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Азаматтардың мəселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс жəне əділ шешім шығару қажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын əзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында дәл осылай айтқан болатын. Заңда – үстемдік, сотта әділ төрелік болу үшін Президент тапсырмасына сәйкес құқық қорғау органдары сот төрелігінің жаңа үш буынды моделін әзірледі. Осылайша, үстіміздегі жылдың 1-ші қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары жаңа форматта жұмыс істеуге кірісті.

Ғани Жалби, СҚО прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы:

– Баршаңызға түсінікті болу үшін үш буынды модельге анықтама беріп кетейін. Бірінші буын – ол полиция. Олар қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтап, дәлелдерді жинайды. Екінші буын – прокурорлар. Олардың міндеттері жиналған дәлелдерге тәуелсіз баға беру, азаматтардың құқықтарының бұзылмауын қадағалау.

Ал үшінші буын – сот. Сот жүйесі органның әрекеттеріне түскен шағымдарды қарайды және іс бойынша түпкілікті шешім қабылдайды. Осылайша, қылмыстық процестің үш буынды моделі азаматтардың құқықтарының дер кезінде қорғалуын қамтамасыз етеді. Жаңа жүйенің артықшылықтарын қазірдің өзінде байқауға болады. Облыстық прокуратураның қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Ғани Жалбидің сөзінше прокурорлық қадағалаудың тиімділігі жарты жылдың ішінде біршама артқан.

Ғани Жалби, СҚО прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының бастығы:

– Жалпы, жыл басынан азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту азайтылды. Байсалды модельді енгізген сәттен бастап сотқа дейінгі тергеп-тексеру сапасы айтарлықтай жақсарды. Қазіргі уақытта 5512 негізгі шешім зерделенді.

Айта кетейік, жаңа реформа аясында прокурорларға азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін негізгі шешімдерді келісу және бекіту жүктелді. Құқық қорғаушылардың негізгі шешімдерді келісуі нәтижесінде облыста күдікті деп танылған және қылмыстық процеске тартылған тұлғалардың саны 28,2%-ға азайған.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда дүкенде бірнеше ұрлық жасаған ер адам ұсталды
Өңірде көші-қонға қатысты ахуал тұрақты
Пара алған қалалық әкімдік қызметкері жауапкершілікке тартылды
Экстремистік мазмұндағы материал таратқан петропавлдыққа айыппұл салынды
Ұрланған велосипедтерді зиратқа жасырған
Петропавлда көлік ұрлау фактісі тіркелді
32 солтүстікқазақстандық шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған
СҚО-да интернет-алаяқтық тыйылмай тұр
Ауыл тұрғынының жоғалған бір отар қойын тәртіп сақшылары тауып берді
Жергілікті полиция қатарына кадрлар қажет
СҚО-да 4 күнде 24 мас жүргізуші ұсталды
Өңірде “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасы өтіп жатыр