Спорт

Ирина Эктова ел намысын Олимпиада ойындарында қорғайды

Сүйінші жаңалық! Жеңілатлет Ирина Эктова ел намысын Олимпиада ойындарында қорғамақ. Ол Бішкекте өткен халықаралық додада сәтті өнер көрсетіп, үш қарғып секіруден жаһандық жарысқа жолдама жеңіп алды. Жерлесіміздің сайыстағы үздік нәтижесі – 14 метр 34 сантиметр. Ирина Эктова – төртжылдықтың басты бәсекесінде бақ сынау мүмкіндігін иеленген екінші солтүстікқазақстандық спортшы. Бұған дейін велошабандоз Алексей Луценконың Жапонияға жолы түсетіндігін хабарлаған болатынбыз. Алдағы уақытта өңірімізден Токиоға аттанатын толағайлардың саны артуы мүмкін. Себебі, қазір жер-жерде лицензиялық жарыстар өтіп жатыр.

Байболат Култанов