Спорт

Теріскейлік боксшы Рахат Қажымұратов халықаралық турнирде топ жарды

Теріскейлік былғары қолғап шебері Рахат Қажымұратов жастар арасында өткен халықаралық турнирде топ жарды.

Сәуірдің 9-ы мен 14-і аралығында Тараз қаласында ҚазССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Кеңес Омаровты еске алуға арналған халықаралық турнир ұйымдастырылды. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Рахат Қажымұратов 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен еді. Рингте талантты солтүстікқазақстандық барлық қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Енді Рахат мамыр айында Атырау қаласында өтетін жастар ойындарында бақ сынайтын болады.

Алдияр Айтпаев