Сүйікті ісін кәсіпке айналдырған жан

МТРА жаңалықтары

21:07 9 Сәуір 2021

Нәзікжандыларға бет-әлпетінен бөлек, тырнағының да сәнді болуы маңызды. Ол үшін барлығы кәсіби шеберге жүгінеді. Наталья Маметова тырнақ әрлеумен көптен бері әуестеніп келеді. Тайынша қаласының тұрғыны алғашында бұл іспен тек хобби ретінде айналысқан. Алайда, іштей өзінің жеке салонын ашуды армандап жүріпті. Бүгінде көп жылдық еңбек пен мақсатқа жетуге деген ұмтылыс өз нәтижесін берді. Үстіміздегі жылдың наурыз айында Наталья сұлулық салонын ашқан.

Наталья Маметова – «Маметов А.Т.» ЖК директоры, Тайынша ауданы:

– Осыған дейін 4 жыл бойы Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істедім. Дегенмен, өзіме тырнақ сәндеу ұнайтын. Бос уақытымда ылғи сүйікті ісіммен айналысып жүрдім. Кейін қызымыз дүниеге келді. Ал хоббиім одан әрі дами түсті. Енді бүгінде сүйікті ісім жұмысыма айналғанына өте қуаныштымын.

Тайыншалық шебердің арманын жүзеге асыруына жолдасы көмектесіпті. Әлібек Маметов 2019 жылы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша арнайы оқыту курсынан өтіп, 5 млн теңге көлемінде несие рәсімдепті. Қаражатқа мекемеге толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тиісті құрал-жабдық сатып алған.

Наталья Маметова – «Маметов А.Т.» ЖК директоры, Тайынша ауданы:

-Бұл – біздің отбасылық кәсібіміз. Осы салонды ашқаннан кейін 4 жұмыс орнын құрдық. Өзім тырнақ әрлеумен айналысамын. Сондай-ақ, салонымызда кірпік өсіру, бет әрлеу сынды қызметтер көрсетіледі. Қызметкерлеріміздің барлығы талантты.

Жалпы, үстіміздегі жылы өңірде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан қызмет көрсету саласы бойынша 357 млн 700 мың теңгеге 57 жоба қаржыландырылған. Соның ішінде Тайынша ауданында 9 жобаға 31 млн теңгеден астам қаражат бағытталған.

 

 

Алтынай Казиканова

 

 

Бұдан әрі оқыңыз

Әйелдерге арналған “Ұмай” атты ипотекалық бағдарлама іске қосылды
БЖЗҚ-дан шекті соманы мыңнан аса солтүстікқазақстандық шешіп алды
Көпті толғандырған жер мәселесінің нүктесі қойылды
Ұлы Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі
Петропавлда кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді
СҚО-да 2 мыңнан аса адам зейнетақы қорынан ақша шешіп алды
Өңірде “Ashyq” қосымшасы пилоттық режимде іске қосылды
Полиция департаментіне заңсыз сақталған 23 қару тапсырылды
Қасиетті Рамазан айы 13-ші сәуірде бастау алады
Әскери-техникалық мектеп сарбаздары ант қабылдады
Интернет-алаяқтар бағдарламашы маманды сан соқтырып кетті
Ұлы Жеңіске – 76 жыл