Мас күйде көлік жүргізген петропавлдық ұсталды

МТРА жаңалықтары

20:35 1 Сәуір 2021

Тентек суға сылқия тойып алып, көлік жүргізген. 21 жастағы жігіт 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылуы мүмкін. Жергілікті тәртіп сақшылары «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. 6 күнге созылған акция барысында полицейлер жолда жүру ережесін бұзған 32 тұрғынды анықтапты.

30-шы наурыз түнгі сағат 3 кезі. Тәртіп сақшалары М.Жұмабаев пен Абай қиылысында кумән туғызған автокөлікті тоқтатады. Рөлде 21 жастағы қала тұрғыны болған екен. Одан алкогольдің иісі аңқып тұрғандықтан мамандар бірден медициналық куәландыру жасайды. Нәтижесі жас жігіттің мас екендігін көрсеткен. Тергеп-тексеру барысында “қала тұрғыны шұғыл ақша керек болғандықтан, жақын маңдағы банкоматқа бармақшы болғандығын” айтып ақталады. Бірақ, заң бәрімізге ортақ. Ережені елемеген жан ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабына сәйкес әкімшілік қамауға алынады. Соттың шешімі бойынша 7 жылға дейін жүргізу куәлігінен айырылуы мүмкін. Бұл факті “Мас жүргізуші – қылмыскер” іс-шарасы аясында тіркелді.

Әсемгүл Әлібаева – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша жол жүру қағидалары 2944 рет бұзылғандығы анықталды. Масаң күйде көлік жүргізудің – 32, көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра көлік тізгіндеудің 17 фактісі тіркелді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – бұзушылық санын анықтау емес, керісінше жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жол үстіндегі барлық қатысушылардың қауіпсіздігін сақтап, әсіресе, қазіргі көктем кезінде аман алып қалу.

Тәртіп сақшылары жолдағы апаттардың басым бөлігі жүргізушілердің жауапсыздық танытуынан орын алады дейді. Мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрады.

Маржан Касымбек

 

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да есірткі саудалаған ер адам ұсталды
Қазақстандықтар мамырда 13 күн демалады
Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына арналған челлендж
10 млн теңге жымқырған бас есепшіге қатысты сот үкімі шықты
СҚО-да лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді
СҚО-да 2 мыңнан аса адам зейнетақы қорынан ақша шешіп алды
СҚО-да балықтардың уылдырық шашу маусымы басталды
Әкесі мен баласы заңсыз аңшылық үстінде ұсталды
Тәуелсіздік жылдары: ауыл шаруашылығы
Аққайың ауданында жанар-жағармай ұрлау фактісі тіркелді
Тәртіп сақшысы пара алды деген күдікке ілінді
Петропавлда болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды