Құқық қорғау органдары

Елімізде әкімшілік сот ісін жүргізудің жаңа түрі енгізіледі

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің былтырғы жолдауында әкімшілік әділет институтын құру идеясын ұсынған болатын. Нәтижесінде Жоғарғы Сот пен Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын дайындап, Парламентке ұсынды. Халық қалаулылары жаңа жобаны бірауыздан қолдап, Мемлекет басшысы құжатқа қол қойған болатын. Енді бұл кодекс үстіміздегі жылдың 1-ші шілдесінен бастап күшіне енеді. Жаңа әкімшілік сот қызметі процеске қатысушылардың мемлекеттік органмен дауда тең құқылы болуын қамтамасыз ететіндей етіп құрылған. Яғни, жергілікті фемида өкілдерінің айтуынша, кодекстің жаңа түрі билік пен азаматтар арасындағы теңсіздікті толығымен жояды. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару органдарының қызметін жаңа сапалы деңгейге көтереді. Себебі, жаңа ережелер олардың өздерінің функционалдық міндеттерін тиісті түрде орындау үшін қызмет етеді.

Арай Әбілмәжінова – Петропавл қаласы №2 сотының судьясы:

 – Жаңа кодекстің құрылымы екі бөліктен тұрады. Бірі – рәсімдік, екіншісі – сот ісін жүргізу. Рәсімдік бөлік мемлекет органдарының өкілеттіліктері мен әкімшілік шағымдарын айқындайтын болса, екіншісінде талап қою тәртібі, істерді қарау тәртібі, сот шешімі, сотты бақылау секілді бақылау енгізілген.

 

 

 

 

Дана Ешкенова