Мәдениет

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай мәнерлеп оқудан сайыс өтті

«Жыр алыбы – Жамбыл». Петропавлда осындай атаумен тарихи тұлғаның 175 жылдығына орай мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Байқау негізінен өзге ұлт өкілдері арасында ұйымдастырылған.

Ақынның өлеңін облыс әкімі аппаратының бас маманы Юлия Мигачёва мәнерлеп оқып, түсірілген бейнежазбаны ұйымдастырушыларға жолдапты. Нәзікжанды байқауға жыр алыбының “Әкеме” атты туындысын ұсынуды жөн көрген екен. Жамбыл атамыздың жүрекжарды туындысында әке мен бала арасындағы қарым-қатынас баяндалады. Жерлесіміздің еңбегі елеусіз қалмады. Ол сайыста 3-ші орын еншіледі.

Юлия Мигачёва – СҚО әкімі аппаратының бас маманы:

– 10сек/ 2 жылдан бері тілдерді оқыту орталығының мамандарынан білім аламын. Осындай байқауларда өзімді шыңдаймын, мүмкіндігімді байқаймын. Қазақ тілін еркін меңгергім келеді. Осындай додаларда алдағы уақытта да бақ сынауға ниеттімін.

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырылған байқауға облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары ғана қатысты. Мамандардың айтуынша өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін оқуға деген қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда орталықта мемлекеттік тілді 2 мыңнан астам адам меңгеруде.

Меруерт Қасенова – СҚО тілдерді оқыту орталығының әдіскері:

– Тілдерді оқыту орталығының жұмыс жоспарында ақпан, мамыр және қыркүйек айларында онлайн сайыстар өткізуді жоспарлап отырмыз. Ең алғашқы байқауды Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арнауды жөн көрдік. 5-20 Сайыстың мақсаты – жыр алыбының шығармашылдығын насихаттап, шығармашыл тыңдаушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету.

Байқау қорытындысы бойынша Жамбылдың өлеңдерін оқудан өзге ұлт өкілдері арасында 3-ші орынды Юлия Мигачева иеленсе, 2-ші орынға аққайыңдық Елена Андреева тұрақтады. Ал топ жарып, үздік атанған – полиция қызметкері Серафима Окишева.

Алдияр Айтпаев