Оқушылар сарайындағы “Жүрек жылуы” орталығында 50-ге жуық бала

Балалар

20:49 4 Наурыз 2021

Петропавлдағы “Жүрек жылуы” орталығы жұмысын осыдан 2 ай бұрын бастады.

Мұнда Даун синдромына шалдыққан, сөйлеу кемістігі бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған 50-ге жуық бала үйірмелерге қатысады. Белгілі бір машықтарын дамытады: сурет салады, қағаздан түрлі бұйым әзірлейді. Жеткіншектердің шығармашылықпен айналысуға деген қызығушылықтары зор. Ал ойлау қабілетін дамыту мақсатында арнайы сабақтар өтеді, тапсырмалар беріледі. Орталықта педагогтардан бөлек, балалармен психолог, дефектолог және логопед мамандары жеке әңгімелесу жүргізеді.

Дина Құдабаева – “Жүрек жылуы” орталығының негізін қалаушы:

 – Орталық күнде жұмыс істейді. Келушілерді топ-топқа бөлдік. Таңертең – жасөспірімдер, түстен кейін үлкендер келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту жұмыстарына волонтерлерді де тарттық.

 

 

 

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

2021 жыл – Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы
Оқушылар 4-ші тоқсанда қалай оқиды
Сәуірдің 2-сі – Бүкіләлемдік аутизм жайлы ақпарат тарату күні
Жас оқырмандар балалар жазушысымен кездесті
Петропавлда жаңа бөбекжай-бақша жұмысын бастады
Жергілікті жазушы Оксана Ефремова оқырмандарымен онлайн жүздесті
“Аттракцондар әлемінің” әткеншектері тексерілуде