Құқық қорғау органдары

СҚО-да бір күнде 6 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді

СҚО-да бір күнде 6 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді.

Интернетте ұялы телефон мен велосипед сатқан қос петропавлдыққа жалған сатып алушылар жүгінеді. Пысықайлар тауарды басқа қалаға жеткізіп беруді сұрайды. Ол үшін сатушыларға төлемге қатысты арнайы сілтеме жіберсе керек. Оны ашқан кезде адамның барлық жеке ақпараты шығады екен. Алаяқтар мұндай мәліметті қолға түсірген соң, оны адамның банктегі есепшотын бұзу үшін қолдануы мүмкін. Өңірде осыған ұқсас тағы 4 жағдай тіркеліп отыр. Тәртіп сақшылары күмәнді сілтемелерді ашпай, мұқият болу қажеттігін қаперге салады.

 

 

 

Жанна Бисенова