Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне – 155 жыл

МТРА жаңалықтары

20:52 4 Наурыз 2021

1916 жыл. Отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты. Халық әбігерге түскен уақыт. Шілдеде ұлт-азаттық көтеріліс басталады.

Зарқын Тайшыбай – Қазақстанның құрметті профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– 1916 жылы 19 бен 31 жас арасындағы жігіттерді солдатқа алып кетеді. Түгелін Белоруссияға жібереді. 100 мыңдай адам болды. Қазақтың Сарыарқада жүрген балалары онда көлеңкелі жерде құрт ауруымен ауырып қалмасын деп ортасында жүрген.

Кейін көтеріліс те, оған қатысқандарды жазалау әрекеттері де тоқтайды. Саяси бостандық жарияланып, демократиялану басталады. Әлихан Бөкейханов қазақ зиялыларының басын біріктіріп Алашорда үкіметін құруға кіріседі. Ұлтымыздың еркіндігі үшін жарияланған күрестің алғы шебіне Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Садуақасов та шығады.

Зарқын Тайшыбай – Қазақстанның құрметті профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

– Әлихан Бөкейханов бүкіл қазақтың атынан патшаға хат жазған. Ең біріншісінде былай дейді. Біз қазақ деген халық көшетініміз рас. Бетімен емес, малдың жағдайына қарай көшеміз деген. Сол кезде 100 шақты ұлт бар шығар. Солардан біз кем емеспіз деген.

Осылайша, 1917 жылы Екінші жалпықазақ съезінде «Алаш автономиясы» құрылғандығын жариялайды. Әлихан Бөкейханов алғашқы Қазақ Республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ, 26-шы жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартады. Онымен қоймай Мәскеуге жер аударылады. Әлиханның беделінен қорыққан большевиктер елге оралуына кедергі келтіреді. 10 жыл үй қамауында ұстайды. Ал 37-шы жылы қоғам қайраткері тұтқындалып, 1 айдан кейін жалған жаламен ату жазасына кесілген.

Ғани Нығыметов – СҚО әкімінің орынбасары:

– Тәуелсіздігімізді зиялы қауым талай жыл армандады. Еліміз мәңгі өмір сүру үшін бәріміз бірігіп жұмыс істеуіміз керек.

Наруыздың 5-і Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне 155 жыл толады. Жиын соңында жастарды төл тарихымызды оқуға баулу туралы айтылды.

 

 

 

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
4 мыңға жуық этникалық қазақ “қандас” статусына ие болды
Сүйікті ісін кәсіпке айналдырған жан
Әскери-техникалық мектеп сарбаздары ант қабылдады
Петропавлдың бас жоспары талқыланды
Ел Президенті бюджет кірістері мен шығыстарын реттеуді тапсырды
Қазақстандықтар мамырда 13 күн демалады
Қазақстанда ақылы трассалардың саны артпақ
Жастар ардагерлердің өсиеттерін тыңдады
СҚО-да лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді
Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына арналған челлендж
Тәртіп сақшысы пара алды деген күдікке ілінді