Қоғам

Жергілікті кәсіпорыннан қолдау

Жергілікті кәсіпорыннан қолдау! Бүгін қаладағы Киров атындағы зауыттың өкілдері облыстық “Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағына” компьютер тарту етті.

Петропавлда құрастырылатын ZIK маркалы құрылғы кеңсе жұмыстарын атқаруға арналған. Айта кету қажет, қазіргі карантин уақытында дәл осындай жабдықтың көмегімен мыңдаған мектеп оқушысы білім алып жатыр. Петропавлда құрастырылған компьтерлер аймағымыздан бөлек, Ақмола, Қостанай, Павлодар секілді көрші облыстарда да қолданылуда. Енді заман игілігі интернационал-жауынгерлер мүшелік ететін жергілікті ұйымның да жұмысын жеңілдете түспек. Қоғамдық бірлестіктің құрылғанына биыл – 26 жыл. Бүгінде аға буын өкілдері жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында елеулі еңбек етуде.

Ерік Тәттібаев – СҚО Ауғанстан және жергілікті соғыстар ардагерлері одағыныңтөрағасы:

–  Киров атындағы зауыттың басшылығына зор алғысымызды білдіреміз. Өтінішімізді бірден қабыл алып, бізге осындай компьютер сыйлады. Қуаныштымыз! Бүгінгі кездесуге тағы бір бұйымтаймен келдік. Біздің 23-ші мектепте тәрбиеленушілеріміз бар. Сол жердегі оқушылар жиі қойылым сахналайды. Оларға да 1 компьютер сыйласа жақсы болар еді.

 

 

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан