Білім

ҰБТ толығымен электронды форматқа ауыстырылады

Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл жайында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин мәлімдеді.

Жаңашылдық Үкіметтің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарының бірінде қарастырылған. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды. Елімізде 3 жастан 6 жасқа дейінгі ұл-қыздарды балабақшамен қамту көрсеткішін 99 пайызға дейін арттыру көзделген. Асқар Маминнің айтуынша, алдағы уақытта елімізде 400 жаңа балабақша қолданысқа тапсырылады. Және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 180 мектеп салу жоспарланып отыр.

Казиканова Алтынай