Қоғам

Жастар көше тазалайтын жұмысшыларға ыстық шәй берді

Шарапаты мол шара! Облыс орталығында белсенді жастар коммуналдық кәсіпорын қызметкерлеріне ыстық шәй берді.

Қақаған аязда, жаңбырлы күнде, дауылды сәтте таңның атысынан қолдарына күрек пен сыпырғыш ұстаған жұмысшылар тынбай еңбектеніп жүреді. Көрікті қаламыздың тазалығын сақтауға үлес қосып жүрген жандарға деген алғыстарын “Jas Otan” жастар қанатының мүшелері осылай білдірмек болған. Минус 35 градуста олар 20-дан астам адамға 5 литр ыстық шәй мен 4 келі бауырсақ таратқан. Белсенділердің сөзінше, шараның жүрек жылытар сәті – қақаған қыста тер төгіп жүрген жандардың жүзіндегі қуаныш пен алғыстарын есту. Осы мейірімге толы іс-шараларды белсенді жастар алдағы уақытта да үзбей өткізуге ниет қойып отыр.