“Qyzyljar” ФК Украинаның екі командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Қарлыстары – “Мариуполь” мен “Рух” құрамалары.
Алдымен жерлестеріміз “Мариуполь” ұжымымен күш сынаспақ. Ойын қаңтардың 21-ші жұлдызына белгіленген. Ал “Рух”-пен араға 3 күн салып бәсекеге түседі. Қос матч та Түркияның Анталия қаласында бастау алатын оқу-жатттығу жиыны кезінде ұйымдастырылмақ. 2 кездесудің де қорытындысын алдағы уақытта хабарлайтын боламыз. Сондай-ақ, бүгін “Qyzyljar” футбол клубының жаңа бас бапкері белгілі болды. Ол қазақстандық – Андрей Карпович. Өткен жылы маман көкшетаулық “Оqjetpes”-ті жаттықтырған болатын.
Алдияр Айтпаев