Кеше жергілікті “Құлагер” командасы мен рудныйлық “Горняк” арасында алғашқы кездесу өтті. Сырт айдындағы ойында петропавлдық хоккейшілер жеңіліс тапты.
Матч есебі 10-шы минутта ашылды. Алғашқы шайбаны петропавлдықтар салды. Екінші периодта қабылдаушы тарап жақсы ойын өрнегін көрсетіп, таразы басын теңестірді. Тіпті, алға да шықты. Ал соңғы 20 минуттықта қос құрама ойыншылары бір-бірден гол соқты. Кездесу 3 те 2 есебімен аяқталды.
Ешкенова Дана