Ал, Мамлют ауданының экс-басшысы Руслан Аңбаев Тайынша ауданына әкім болып тағайындалды. 41 жастағы Тимирязев ауданының тумасы жергілікті университетті тәмамдаған. Еңбек жолын 1999 жылы аға салық инспекторы қызметінен бастаған. Бірнеше жыл бойы бөлім жетекшісі, аудандық салық басқармасының басшысы лаазымдарын атқарды. Кейін тағы 6 жыл аталған салада Есіл мен Тайыншада жұмыс істеді. 5 жыл облыс әкімі аппаратында тәжірибе жинақтап, 2019-дың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Мамлют ауданына басшылық етті.
Құмар Ақсақалов жаңа басшыны аудан активіне таныстырып, ауданды дамыту бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Бұл туралы толығырақ ертеңгі жаңалықтарымыздан көре аласыздар. Хабарымызды жалғастырамыз.
Эльмира Садвокасова