Қоғам

Тайынша ауданында жастар ағаш отырғызды

“Менің атаулы ағашым!” Тайынша ауданының белсенді жастары осындай атаумен акция өткізіп, қаланың кіреберісіндегі нысандардың жанына көшет екті.

Барлығы 20 ағаш отырғызылыпты. Әрқайсысының тұсына белсенді жастардың аты-жөндері жазылған. Қыз-жігіттер дәстүрге сай осында жиі келіп, су құйып тұрулары керек. Бұл шарадан кейін айнала қоқыстан тазартылыпты. Игі іске Петропавлдың ресурстық орталығы мен жасылелдіктер де ат салысқан.

Маржан Қасымбек