Петропавлда жеңіл автокөліктен от шықты. Оқиға кеше таңғы 10 кезінде Жуков көшесі бойында болған.
Дереу сол маңға №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жіберілген. Мамандар отты жылдам ауыздықтайды. Audi маркалы көліктің қозғалтқышы жанып кеткен екен. Адамдардың арасында ешкім жапа шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Дана Ешкенова