Хоккейшілеріміз тағы да жеңіліп қалды. Кеше жергілікті “Құлагер” құрамасы оңтүстікастаналық “Алматы” командасына кезекті мәрте тізе бүкті.
Яғни, солтүстікқазақстандықтар плэй офф кезеңінің 3-ші бәсекесінде қонақтарға 1 де 2 есебімен есе жіберді. Бұл матчтың негізгі бөлігі мен овертайм тең нәтижемен аяқталды. Сөйтіп, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Шешуші сында алматылықтардың жолы болды. Бүгін қос ұжым арасында 4-ші ойын өтеді. Кездесуде қарсыластардың айы оңынан туса, жартылай финалға жолдама алады. Ал құлагерліктер жеңсе, плэй офф кезеңіндегі бәсеке әрмен қарай жалғасады.
Байболат Култанов