Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Былтыр мамандардың қызметіне мыңға жуық жерлесіміз жүгініпті.
Яғни, өңіріміздегі спорттық мектептерге оқуға түсуге қатысты 340-тай құжат қабылдап, 545 адамға спорттық дәреже берген. Сондай-ақ, былтыр 42 жан «Спорт төрешісі» санатына іліксе, олардың 41-і біліктіліктерін арттырғаны жөнінде құжат алған.
Данияр Жолдаспаев – Петропавл қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:
– Біз бұл жұмысты халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы қағаз түрінде жасаймыз. Сондай-ақ, олимпиада және паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне баспана беруді де қарастырамыз. Жалпы, өткен жылы 967 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Алдағы уақытта олардың барлығын онлайн түрде атқаруды жоспарлап отырмыз.
Бердимурат Баймухан