Спорт

Роман Креч Төрт құрлық турнирінде қола медаль ұтты

Спортсүйер қауымға жағымды жаңалық! Солтүстікқазақстандық Роман Креч АҚШ-тың Милуоки қаласында конькимен жүгіру спортынан өтіп жатқан Төрт құрлық турнирінде жүлделі орыннан көрінді.

Ол конькимен 500 метрді еңсеріп, мәре сызығын 3-ші болып кесті. Осылайша қола медаль еншіледі. Бұл – осы жарыста ел қоржынына түскен алғашқы жүлде. Жалпы, ел спортшылары 6 медаль ұтып алған.

 

 

 

Бердимурат Баймухан