МТРА жаңалықтары

СҚО әкімі аппаратының басшысы басқа лауазымға ауысты

Облыс әкімі аппаратының басшысы Қанат Сәрсембаев елордаға, жаңа қызметке ауысты.

Өңір жетекшісінің аппаратына ол тура 2 жыл, яғни 2017-нің қазанынан бері жетекшілік етті. Ал осыдан 2 күн бұрын ел Президентінің Өкімімен Қанат Сәрсембаев Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды. Бүгін таңертең аймақ басшысы Құмар Ақсақалов оған жемісті жұмыс атқарғаны үшін алғыс білдіріп, жаңа лауазымда сәттілік тіледі.

Қанат Сәрсембаев – ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:

– Шынымен де, екі жыл бір күндей өтіп кетті. Облыс игілігі үшін күні-түні аянбай еңбек еттім. Қателіктер де болды, олар үшін кешірім сұраймын. Қызылжар көркейе берсін!

 

Саят Ермек