Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары шеберліктерін шыңдауда

Солтүстікқазақстандық полицейлер Ұлттық ұлан Әскери институтының полигонында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуде. Іс-шара 7 күнге созылмақ. Оған 50-ге жуық тәртіп сақшысы қатысып жатыр.

Атыс тәсілдері, теория мен практика, күрес және тактикалық дайындық. Солтүстікқазақстандық полицейлер оқу-жаттығу шарасында шеберліктерін шыңдап жатыр. Оған барлық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуда. Бұл тәртіп сақшыларының кәсіби даярлығын арттыруға мүмкіндік бермек.

Ерлан Қабдуәлиев – СҚО ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасының аға инспекторы:

– Әр апта сайын полиция қызметкерлерімен жеті күндік оқу-жаттығу жиындары өткізілуде. Полиция қызметкерлері казармада тұратын болады. Бұл жиынның басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру. Тәртіп сақшылары заңды біліп қана қоймай, шымыр әрі төзімді болулары қажет. Өйткені, олар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, халықтың тыныштығын қорғайды.

Полицейлердің оқу-жаттығу шарасы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

 

 

Бердимурат Баймухан