Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Петропавлда 59 жастағы автобус жүргізушісі қаза тапты

Өткен аптаның соңында Петропавлда 59 жастағы автобус жүргізушісі қаза тапты. Жазатайым жайт Ғ.Мүсірепов көшесінің бойындағы қоғамдық көлік тұрағында орын алды.

Оқыс оқиға түскі бірде болған. Қаза тапқан жүргізуші автобустың астында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатса керек. Осы сәтте көлікке өзге адам отырып, автобусты жүргізіп жіберген.

Нұрбек Баекин, СҚО ПД баспасөз қызметінің бас маманы:

– Оқиға орынанда 1960 жылы туылған жүргізуші бірден көз жұмды. Аталған факті ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігі, яғни “Абайсыздан адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірегей тізіміне енгізілді.

Дана  Ешкенова