Құқық қорғау органдары

Гарнизондық сап түзеу өтті

Жергілікті полиция қызметкерлері, 66/37 әскери бөлімінің сарбаздары мен жекеменшік күзет құрылымдары. Бұл – күн сайын шаһардағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қоян-қолтық жұмыс жасайтын жандар.

Ай сайын олар саптық бақылауға жиылады. Мұнда мамандардың сыртқы киімі мен арнайы техниканың жағдайы тексеріледі. Себебі, қызметкерлер кез келген жағдайға дайын болулары тиіс. Сондай-ақ, шара барысында жұмысында көзге түскен азаматтар облыстық полиция департаменті бастығының алғыс хаты және грамоталарымен марапатталды.

Думан Таев – СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Облыс орталығында күн сайын тәртіп сақшылары 3 кезекте жұмыс жасайды. Техника жеткілікті. Жағдайлары жақсы.

 

 

Эльмира Садвокасова