Құқық қорғау органдары

Өңірдің бас прокуроры тағайындалды

Екі ай бойы өңіріміздің қадағалаушы органы басшысыз жұмыс істеген еді. Мамырдың 20-сы бұл лауазымға 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бағбан Таймбетов тағайындалды.

Қызылорда облысының тумасы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін “құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған. Прокуратурадағы еңбек жолын 1989 жылы бастапты. Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласы қадағалаушы орган басшысының орынбасары, Жамбыл және Шығыс Қазақстан өңірлерінің прокуроры болып қызмет еткен.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудағы жетістігі үшін Елбасы Жарлығымен II дәрежелі “Даңқ” орденімен марапатталған.

Эльмира Садвокасова