Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Nur Otan» партиясы кандидатының аймақтық қоғамдық штабы құрылды

Бүгін Петропавлда «Nur Otan» партиясы кандидатының аймақтық қоғамдық штабы құрылды. Бұл ұжым Президент сайлауы алдындағы жұмыстармен айналыспақ.

Яғни, мамырдың 11-і кешкі сағат 18:30-дан бастап өздерінің қатарынан ұсынылған үміткерге дауыс беруді сұрайды. Мұндай іс облыс орталығында және өңір аудандарында жүргізілетін болады. Жоспар бойынша жауапты адамдар еңбек ұйымдарымен кездесулері тиіс. Тағы, түрлі деңгейдегі форумдар мен акциялар ұйымдастырып, халықты саяси додаға белсенді қатысуға шақырады. Штаб құрамында 250-ден аса адам бар. Оларға 1300-ден аса партиялық азамат көмек көрсетпек.

Біржан Жалғасбаев – «Nur Otan» партиясы кандидатының аймақтық қоғамдық штабы төрағасының орынбасары:

– Штабтың құрамында облысқа танымал адамдар бар. Спортшылар да, ардагерлер де, білім саласының өкілдері де бар.

Байболат  Култанов