Әдеттегідей өңірдегі тасқын жағдайына тоқтала кетсек. Қазір Есіл өзенінің деңгейі 1022 см құрап отыр. Су тәулік ішінде 5 см-ге көтерілген. Критикалық шекке дейін 29 см ғана қалды. Халықаралық маңыздағы Челябі-Новосібір тас жолы әлі де жабық екендігін айта кету қажет.
Ал Қызылжар ауданындағы Новоникольское селосының маңында су 6 см-ге көтерілген. Гидрологтардың сөзінше, Покровкадағы тіршілік көзі керісінше төмендеп жатыр, сәйкес жағдай Сергеев су қоймасында да орын алуда. Мұндағы көрсеткіш 885 см құрайды. Су ернеуінен 85 см асқан.
Эльмира Садвокасова