Sailau banner

Су тасқыны

Петропавлға үлкен көлемдегі су келіп жатыр

Облыс орталығы маңына тасқынның екінші толқыны келіп жатыр. Соңғы тәулік ішінде Петропавл гидроторабындағы тіршілік көзінің деңгейі 3 см артқан. Ал Сергеев су қоймасында көрсеткіш керісінше 8 см төмендепті. Қазір ернеуінен асқан судың биіктігі 95 см құрайды.

Қызылжар ауданына қарасты Новоникольское селосы маңында су деңгейі 11 см көтеріліпті. Покровкада төмендеу байқалады. Осы орайда тұрғындарға құлаққағыс. Тасқын су басуына байланысты халықаралық маңызға ие Челябі-Новосібір тас жолы әлі жабық.

Байболат Култанов