Тұрғындардың құлағына алтын сырға. 26-шы сәуірден бастап елімізде металл монеталардың дизайны сәл өзгерді.
Енді, Ұлттық банк теңге мен Қазақстан Республикасы сөздері латынша жазылған шақаларды шығарады. Осы орайда көрермендерге айта кетейік. Ескі тиындарды ауыстырып немесе қаржы ұйымдарына тапсырудың қажеті жоқ. Олар бұрынғыдай қолданыста бола бермек.
Мейрам Мамбетов – «ҚР Ұлттық банкі» РММ СҚФ бөлім басшысы:
– Жаңаларымен қоса ескі дизайындағы монеталар да қолданыла береді. Өйткені, тиындағы жазулар ғана латын графикасына ауысты. Ал, қалғаны сол қалпы қалды. Яғни, шақаның массасы, диаметрі, қалыңдығы, құрылымы өзгерген жоқ. Сондықтан жаңа монеталарды төлем терминалдары, басқа да кассалық аппараттар қабылдай береді.
Култанов Байболат