Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі бір тәулік ішінде 4 см-ге көтерілген.
Қазір ернеуінен асқан тіршілік көзінің биіктігі 130-ды құрап отыр.Ал Петропавл гидроторабындағы тіршілік көзінің көлемі кешегі күнмен салыстырғанда 3 см-ге жоғарылапты. Құтқарушылардың айтуынша, тасқынның екінші толқынының шарықтау шегі алдағы күндері болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, осы аптада жауын жауып, тұман түседі және көктайғақ орын алуы ықтимал.