Петропавлда кеше кешкі сағат 7 кезінде жол-көлік оқиғасы болды.
Нұрсұлтан Назарбаев көшесі мен Брусиловский көшелерінің қиылысында екінші дәрежелі автомобиль жолынан шығып келе жатқан «Opel Frontera» автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі келесі темір тұлпарға жол бермеген. Салдарынан «Honda CBR» мотоциклі екеуі соқтығысып қалған. Соңғы аталған көлікті басқарған Қызылжар ауданының 40 жастағы тұрғыны алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл факті ҚР ҚК 345-бабының 3-ші тармағы – “Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу” бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Данаш Хамзина