Sailau banner

Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшылары есірткі таратқан топты құрықтады

Өңірдің тәртіп сақшылары жыл басынан бері заңсыз айналымнан 73 келі есірткі тәркілеген. Соңғы оқиға жуырда ғана орын алды. Теріскейлік полицейлер есірткі таратумен айналысқан бір топ адамды құрықтады.

Заңбұзушылардан аса ірі көлемдегі – 100 грамм героин табылыпты. Іске қатысы бар 6 адам қазір уақытша қамауға алынған. Үш күдіктінің осы топты құруға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.