Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік келісім-шарт коропорациясы астық бағасын бекітті

Биылғы астықтың бағасы белгіленді! Қарашаның бесінен Азық-түлік келісім-шарт коропорациясы 3-ші сыныпты жұмсақ бидайды сатып ала бастады. Қамбаға құйылған биылғы алтын дәннің бір тоннасы қосымша құн салығын төлейтіндерден 54, ал өзгелерінен 48 мың теңгеден қабылданып жатыр. Айта кеткен жөн бұл баға былтырғыдан 12 мың теңгеге жоғары.

Азық-түлік келісім шарт корпорациясы сатып алатын астыққа қатысты бірқатар талаптарын қойып отыр. Осылайша, дән натурасы – 730, ылғалдылығы – 14, ал құрамындағы кілегей мөлшері – 23 проценттен кем болмауы тиіс. Бидайды сатып алу бағдарламасына қатысу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өтініштері корпорация сайтында және оның өңірлік филиалдарында қабылданады. Петропавлдық филиал Партизанская көшесі, 160 мекен-жайында орналасқан. Сондай-ақ биыл теріскейлік аграрийлер майлы дақылдардың 931 мың тоннасын жинаған. Ішкі нарықта рапстың бір тоннасы 133, зығырдікі 105, ал күнбағыстың мың келісі 115-120 мың теңгеден саудалануда. Ал өнімді сыртқа экспорттайтындар үшін баға бұдан да жоғары болады.
Саят Ермек