Жамбыл облысынан келген оқушылар Қызылжар өңірінің көрікті жерлерін кешеден бері аралап жүр. Бүгін шараны ұйымдастырушылар қаланың кішкентай қонақтарын “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне алып барды.
Экскурсия жетекшілері жеткіншектерге Абылай ханның тағы мен қару-жарақтарын көрсетті. Оқушылар тарихи тұлғаның жабдықтарын өз көздерімен көргендеріне қуанышты.
Нұрдәулет Қайрат – Жамбыл облысының тұрғыны:
– Абылай ханның жүзігін көрдім. Маған оның көріпкел көмекшісі ұнады.
Дінмұхамед Досымбеков – Жамбыл облысының тұрғыны:
– Абылай ханның қолданған заттарын көрдім. Құлсары батырдың кітаптары бар.
Бұл балғындардың біреуі оқуда озат болса, басқалары көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан. Олар үшін бұл экскурсия “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Ботагөз Тағұдретова – СҚО білім басқармасының бас маманы:
– Шараға 70 оқушыны тарту жоспарлануда. Олар қаланың мәдени орындарын алып, өңір тарихымен танысады.
Үш күндік экскурсия барысында оқушылар шаһарамыздың өзге де көрікті жерлерін араламақ.
Берік Қасен