Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин келді

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біздер Павлодар мен Атырауда өткен осындай жиындарды сараптап көрдік. Әуе кемелерін қабылдауға 6 алаң жеткілікті болады. 60-қа жуық ұшақты қондыруға болады. Бұдан бөлек, Көкшетау, Қостанай және Астанаың әуежайларымен келісіп қойдық. Бізде ұшақтарды жанармаймен қамтамамасыз ететін техника ескі. Соны жаңарту қажет. Олар 70-80 жылдары алынған екен.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

– Жаңа жолақтар, жөнделген терминал бар. Сондықтан тиісінше техника қажет әрине. Біз бұл мәселені қарастырып, шешетін боламыз. Әуе кемелеріне жеткілікті болатындай алаңдар жасалсын. Траптардың жағдайын қарап, керек болса жаңартыңдар.

Әуежайда адамдар отыратын және демалатын орындар да талапқа сай болуы тиіс деді вице-премьер. Маңызды шараға қонақтар тек әуе кемесімен ғана емес көлікпен де келді. Өйткені, меймандардың көбі көрші Ресейден сапар шекпек. Сондықтан күре жолдардың да тақтайдай тегіс болғаны маңызды. Асқар Мамин бұл бағытта да жасалып жатқан жұмыстарды көрді. Бүгіндері «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ресейдің Қорған облысына бастайтын Астана-Петропавл бағытындағы дәлізді қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуде.

Арман Қайырбеков – «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ бас инженері:

– Қазіргі таңда жолдың 143 шақырымы жөнделген. Қалған шекараға апаратын 60 шақырымы бүгіндері қалыпқа келтірілуде. Барлық жұмыстарды 2019 жылы аяқтау көзделген.

Осы ретте Асқар Мамин форумға дейін уақыттың аз қалғандығын айтып, іске қарқын қосуды тапсырды.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

– Бұл шараның облыс үшін маңызы зор. Сондықтан сапалы көлік инфрақұрылымын жасау басты мәселе болып отыр. Өйткені шекарадағы көршілеріміздің көбі көлікпен қатынайды. Сондықтан жол жөндеу жұмыстары жылдам жүргізілуі керек. Сапалы жасалауын да қадағалаған маңызды. 60 шақырым деген үлкен қашықтық емес, сондықтан форумға дейін үлгеру керек. Қосымша қаржы керек болса бөлінеді.

Бұдан соң Асқар Мамин бүгіндері ауқымды құрылыс алаңына айналған «Жас өркен» шағын ауданында болды. Бұрындары жер үйлер тұрған жерде қазір заманауи ғимараттар пайда болып, әлеуметтік маңызы бар нысандар және тұрғын үйлер пайда болуда. Бір сөзбен айтқанда, аудан адам танымастай өзгеріп келеді. Ал құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқан Оқушылар сарайы форумдағы басты нысан болмақ. Нақ осында, екі елдің Президенттері бас қосып, келіссөздер жүргізеді. Сондықтан вице – премьер бұл ғимараттың да құрылысымен танысты.

15 мың шаршы метр аумаққа жайғастырылған нысаның ішінде балаларға керектінің барлығы болмақ. Ол IT орталықтар мен ойын-сауық кешендерінің түр-түрімен жасақталады. Бұл жайында әңгіме отырыс барысында да жалғасты.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Оқушылар сарайы бірігей нысан болмақ. IT технологиялар саласындағы жетістіктерімізбен бөлесетін ордаға айналады. 1-ші қыркүйекке дейін ондағы барлық жұмсытарды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысан ісін бастағанда көршілес Ресей мен жақын маңдағы облыстардың оқушыларын да шақырамыз. Ол балалар туризмін дамытуға таптырмас ғимарат болады. қалада Бұдан өзге де балалардың демалысын жақсы өткізуге қажетті орындар жетерлік.

Жалпы соңғы жылдары қалада қырауар шаруа тындырылуда. Ғимараттар мен үйлердің сыртқы реңі өзгертіліп, көшелерді жарықтандыру мәселесі шешімін табуда. Бұрынғы шамдар энергия үнемдейтін жаңаларына алмастырылып жатыр. Әдемі көшеттер отырғызылып, қала гүлдермен көмкерілмек. Бүгіндері Петропавлдағы жолдардың 50 пайызының ғана асфальт жабындысы бар екен. Осы ретте қалғандарын қалыпқа келтіру үшін облыс әкімі ҚР Премьер министрінің бірінші орныбасарынан қаржалай қолдау көрсетуді сұрады. Мұның барлығы форумды тиісті деңгейде өткізу үшін маңызды болмақ. Осы ретте вице-премьер маңызды шараға келетін қонақтарды қабылдайтын мейрамхана, қонақ үйлердің қаншалықты дайын екендігін сұрастырды.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

-19 қонақ үйде қазір тиісті дайындық жұмыстары жасалып жатыр. Олар қалыпқа келтірілуде. Жалпы бүгіндері 752 адамды қабылдауға дайынбыз. Тағы 27 мейрамхана қонақтарға қызмет көрсетеді. Олармен де жұмыс жүргізілуде.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

– сіздер 1200 адамды қабылдауға дайын болу керексіздер. Сондықтан мұндағы бар орындар жеткіліксіз. Әлі 500 адамға орын керек. Осы мәселені шешіңіздер. Өйткені қонақтардың кейбірі 1 апта, бір ай бұрын келуі мүмкін. Сондықтан оларды орналдастыру жағын тағы бір қарастырыңыздар. Жалпы қалада ауқымды шара өтеді. Сондықтан дайындық шараларына әлі де қарқын қосу керек.

Өңірде өтетін форум туризм тақырыбын қамтитын болады. Сондықтан қазір теріскейдгі туристік нысандар да қалыпқа келтірілуде.

 

Магжан Ахмадина