Мәселен, Айыртау және Мамлют аудандарының мамандары балғындарды облыстық ІІД мұражайына әкелді. Мұнда жеткіншектер ертеректе жұмыс барысында қолданылған, ал қазір жәдігер ретінде сақтаулы тұрған қару-жарақты тамашалады. Балаларға тәртіп сақшылары жасаған ерліктер жайлы да айтылды. Кейін, кішкентай меймандар кинологиялық қызмет орталығы мен кавалериялық взводтың жұмысымен танысты. 
 
 
Дана Мустафина:
 
 – Менің әкем – полиция қызметкері. Мен оны мақтан тұтамын. Бүгін мұражайда түрлі қызық дүниелерді көрдім.
 Анастасия Шмелёва:
 
 – Айыртау аудандық ІІБ мамандары айтар алғысым шексіз. Мұнда солтүстікқазақстандық полиция қызметінің тарихымен танысуға мүмкіндік алдық.
Эльмира Садвокасова