Без категории

Экология қызметіне – 30 жыл

Қоршаған ортаны қорғап, табиғат байлықтарын сақтау. Бұл жандар күнделікті қызметінде осы істермен айналысады. Олар өңірдің экологиялық жағдайына жауапты. Қоршаған ортаны қорғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу – еліміздің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Сондықтан, эколог мамандардың еңбегі өлшеусіз деді жиналғандарды мерекемен құттықтаған өңір жетекшісінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Сіздерді 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтаймын. Бүгінгі жеткен жетістігіміздің артында ел-жұртымыздың еселенген еңбегі мен бірлігі тұр. Оған барша экологтардың қосқан үлесі зор. Еліміздің қолда бар байлығын сақтау, оны байыту – өзіміздің қолымызда.

Бұдан соң өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға үлес қосып жүрген жандар марапатқа ие болды. Оларға облыс әкімінің атынан Құрмет грамоталары табыс етілді. Наградаға ие болғандардың бірі – Азамат Бектасов. Еңбегін 2014 жылы қарапайым маманнан бастаған ол бүгіндері департамент басшысының орынбасары лауазымына дейін жеткен.

Азамат Бектасов – СҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары:


–  Менің негізгі жұмысым – тексерістер жүргізу. Бірінші жарты жылдыққа 20 кәсіпорын тағайындалды. 20 тексеріс өткіздік. Тағы адамдардың шағымдары бойынша тексеріс жүргіземіз. 20 тексерістің барлығында заңбұзушылық анықталды. Негізінен – қажетті есептерді тапсырмау, пештерді жаққанда ластау заттарын үлкейту.

Кейін облыс әкімінің Алғыс хаттары да өз иелерін тапты. Бұл күні бірқатар маман мерейтойлық медаль және “Экология саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды.

Гүлмира Қабиева – СҚО бойынша экология департаменті бөлімінің бас маманы:

 

– Мен 10 жылдан астам уақыт зертханалық-сараптамалық бөлімде жұмыс істедім. Онда біздер су мен жердің сынамаларын алып зерттейміз. Қарапайым адамдар топырақтың құрамында түрлі металдар мен тұздардың болатынын біле бермейді. Ал, біздер соларды зерттеумен айналысамыз. Бүгін еңбегім бағаланып жатқанына өте қуаныштымын.

Мына суреттерді балалар үйінің тәрбиеленушілері салған. Жасыл желек, орман-тоғайлар мен өзен-көлдер. Әсем табиғатымызды ақ қағаз бетіне әдемі етіп бейнелей білген балғындардың да еңбегі бағаланды. Оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Саят Ермек