Олар маңайдағы бірнеше нысанды жан-жақтан қоршауға алып, бөгде адамдардың аумаққа өтуіне шектеу қойды. Айту керек, ақпарат расталмаса, бомба туралы жалған мәлімет таратып, елді дүрліктірген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Динара Сағындықова – СҚО ІІД баспасөз қызметінің қызметкері:
– Бомбаның орнытылғаны туралы мәліметті бізге белгісіз тұлға анонимді түрде жеткізді. Хабарды алысымен тәртіп сақшылары айтылған орынға жедел жетіп, “City Mall” және “Корона” сауда үйлерінінен 300 шақты адамды қауіпсіз жерге шығарды. Қазіргі таңда бұл маңда жедел әрекет ету тобы жұмыс істеп жатыр. Әзірге, жарылғыш зат туралы нақты мәлімет жоқ.
Берик Касен