Бұл тәртіп бұзушылықтарды учаскелік инспекторлар арнайы ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар барысында анықтаған. Кәсіпорын басшылары, пәтер иелері кооперативінің төрағалары және жеке сектор тұрғындары қар еріп, көктем келісімен өздеріне тиесілі аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, тәртіпке келтірулері шарт. Ескертуді елемегендер ҚР әкімшілік кодексінің 505-бабына сәйкес айыппұл төлейді. Санкция мөлшері 20-дан 100 айлық есептік көрсеткішке тең.
Нұрлыбек Көбенов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы:
– Көктем келісімен қаламызда жыл сайынғы абаттандыру шаралары жүргізілетіні белгілі. Осыған орай аулаларды күл-қоқыстан, қардан тазаламаған тұлғаларға және кәсіпкерлер мен мекемелерге қатысты шаралар қолданамыз. Жыл басынан учаскелік полиция инспекторлары Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 505-бабы бойынша 1023 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Байболат Култанов