Әр түрлі

Ауа райы күрт жылынады


Түнде сынап бағанасы -13, ал күндізгі уақыттарда +5 градусты көрсетпек. Сәуірдің 5-і мен 6-сы күндері болса, өңірге ресейлік циклон жетіп, облыстың кей аудандарында жауын-шашын және көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл уақытта ауа температурасы кей жерлерде +10 градусқа дейін көтеріледі. Салдарынан, қар тез еріп, аймағымызды тасқын су басу қауіпі жоғарылайды. Айта кетейік, қазіргі таңда өңірдегі гидрологияық жағдай тұрақты. Судағы мұз қабатының қалыңдығы – 46 см-мен 79 см аралығында. Ал Сергеев су қоймасы 90 пайызға толып тұр.

 

Тогжан Акмагамбетова